Ақымақ әйел ғана күйеуінен таяқ жей ме?

0
124

“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзаханов “ақылсыз әйелдің күйеуі қол көтереді” деген пікірі үшін оқырманнан оңбай сөз естіді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап.  

“Күйеуімнен 5 жыл таяқ жедім” деген блогер Нұрилла Ақберен жеке парақшасында өнер иесінің тікелей эфирдегі айтқан сөзінен үзінді жариялады.

Өнер иесі тікелей эфирде әйеліне ешқашан қол көтермегенін растаған.

“Өзім ешқашан әйеліме қол көтермегенмін. Себебі ол кісінің өзі де ондай жағдайға апармаған. Сол үшін ақылды әйел қол көтеруге дейін мәжбүрлемейді. Ақылсыз әйел ғана өзіне қол көтерткізеді. Мен осыны барлық ер-азаматтың атынан айтамын”, – деді әнші.

Блогер келіншек әншінің сөзіне қарсы шығып, тұрмыста зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектерге қолдау білдірді.

“Ұру – қылмыс. Сұлуларым, қол көтереді екен деп өзімізді ешқашан кінәлі сезінбейік! Қол көтереді екен деп ұратын адамды ақтамайық!

Ұратын қолдың иесі ғана жауапты және кінәлі. Ақымақ еркектер, әлсіз еркектер, еркексымақтар ғана әйелге қол көтереді. Қол көтергенін әйелдің ақымақтығына, ақылсыздығына асып қояды. Дегенмен, барлық ерлер дәл бұл видеодағыдай емес. Бұлар зорлық-зомбылыққа қарсы еркектер еді ғой…”, – деп ренішін білдірді блогер.

Фото интернеттен алынды.