Көкбөрінің белгісін көрсеткен футболшы басы дауға қалды

0
247

Германияның сыртқы істер министрлігі Еуро-2024 матчында гол соққаннан кейін «қасқыр басын» көрсеткен түрік футболшыға байланысты Түркия елшісін шақырды, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Берлиндегі елшісінің шақырылуына жауап ретінде Түркия сыртқы істер министрлігі Анкарадағы Германия елшісін шақыртты.

Сондай-ақ УЕФА 2 шілдеде Австрияға қарсы Еуропа чемпионатында гол соққан соң саусақтарымен қасқырдың басын жасаған Түркия құрамасының орталық қорғаушысы Мерих Демиралға қатысты тергеу бастады.

“Сұр қасқырлар” – Түркияның ұлтшыл қозғалыс партиясымен (MHP) байланысты әсіре ұлтшыл жастар қозғалысы. 1960 жылдары “сұр қасқырлар” Түркиядағы солшыл және ұлтшыл топтар арасындағы қақтығыстарға қатысқан. Бұл қақтығыстар 1980 жылғы мемлекеттік төңкеріс кезінде шамамен 5000 адамның өліміне себеп болған.

Франция мен Австрияда «қасқыр» символына тыйым салынған, Германияда бұл белгіге тыйым салынбағанымен, жастар қозғалысы үнемі бақылауда.

Фото интернеттен алынды.