Қазақ тоқалдыққа қандай әйел алған?

0
875

Қазақ тілінің мағына байлығына ешбір халық ілесе алмайды-ау. Таңғалдырады. Қазақтар әйелді:

«қатын», «ана», «ақ жаулық», «алғыншы» десе, кемсіткенде «төмен етек», «шоры», «күң», «ебей», «қар», «аяқ салар» «шүйке бас» деп атайды.

Ертеректе қолға түскен жаудың қызын «ебей» деп атаған. Кемпірлер келініне ренжісе: «Мен осы үйдің ебейі болдым дейтін.

«Есіктегі ебейді, қайбір тоқал жебейді,

нәр татпаса күні бойы күңім қайда демейді» деген сөздің шығуы олардың ауыр тұрмысын көрсетеді.

Оларға қазақ жігіттері үйленуі өте сирек.

«Аяқ салар» деп көрінген еркек баратын, қорғансыз әйелдер.

Бірақ жезөкше секілді өздері еркек қойнына бармайды.

Қазақта бірінші әйелді бәйбіше десе, ол жұбайы деген

деген ұғымды білдіреді.

Ол әйелдердің ішіндегі құрметтісі, әрі үлкені.

Барлық үй шаруашылығын басқарады.

Жауынгершілік заманда қолға түскен басқа ұлттың қызың бәйбіше етіп алмаған.

Тек қазақтың қызы ғана бәйбіше болған.

Керемет сұлу ақылды болса да, жоңғар,қытай қызын тек тоқалдыққа алған…

Ал тоқал деп екінші әйелді айтады.

Жауынгершілік заманда қолға түскен қатын мен қыздың басында әшекейлі бас киімі болмағандықтан солай атаған. Мүйізі жоқ, тоқал ешкіге теңеген.

«Тиген тоқал — түлкі, алған еркек — күлкі». Оларды қазақ онша сыйламайды. Солай бола тұра , олардың көбі ерінің сүйікті жары болады.

«Бәйбіше — құдай бұйрығы, тоқал — иттің құйрығы»,

«Күйеуі бәйбішеге малын берер, тоқалға жанын берер» деген мақалдар осыдан қалған.

Ал «нақсүйер» өнерлі, ақылды сулулығы үшін ердің өзі тандап алған сүйіктісі.

Оларды ел сыйлап, еркектер оларға құрметпен қарап, санасып отырған. Бұл — өзі таңдаған ең сүйікті әйелі.

Ата-анасы бәйбішені тектілігіне қарап таңдаса, жасы келе еркек нақсүйерді өзі таңдайды.

«АҚҚОЛТЫҚ» деп шығанағында түгі жоқ, тіпті жас деген ұғымды білдіреді. Ол — он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыз.

Атақты байлар күнін көре алмаған кедейлердің жас қызына үйленген.

Аққолтық дене мүшелеріне әлі түк шықпаған періштелер!

Олар өте сұлу болған. Сондықтан «Айдай сұлу Аққолтық» деген.

Ер-азаматтың бір күндік ермегін «аяқ салар» дейді.

Серілік жасап жиі барса «ойнасы» деп атайды.

Қазақта: «ойнас оттан да ыстық, қала берсе боқтан сасық» деген сөз бар. «Ойнас жасапты» деген сөз әйелдер үшін жақсы емес.

«Бір күні ай жасырады, бір күні бұта жасырады, бір күні құдай к@тіңді ашады» деп бекер айтпаған. Ондай әйелдерді «дамбалының ауы кеппеген», ал тапқан балаларын «қырық сідіктен» пайда болған деп атаған.

Ал, қыз зорлаған еркекті қара бұқаға құрым (ескі қара киіз) жауып, үстіне отырғызып, ауыл аралатқан. Оның бетіне ел түкірген. Артынан шапанының етегін кесіп, ит қосып елден қуған, кесілген етегін көріп ешбір адам ас түгілі, сусын бермеген.

Зорлықшыл еркек сөйтіп жүріп далада қаңғырып өлген. Оны ешкім көмбейді. Ит пен құс жеген. «Көмусіз қал» деген қарғыс содан қалған.

Әйел күйеуінің үстінен жүріс жасаса, керіп тастап, үстінен мың қой немесе жылқы айдап өткен немесе аттың құйрыға байлап өлтірген.

Айттырған қыздың күйеуге тимей тұрып, жаман атағы шықса бұрымын кеседі.

Кейде әкесінің ер- тоқымын теріс қаратып ерттеп, атының қарнын жарып кетеді.

Алғаннан кейін қалыңдықтың пәктігі болмаса күйеу бала атасына келіп: «Алтын деген сақинам мыс болды…» деп емеурінмен жеткізген.

Онда қалың малын қайтарады не үйдегі қалыңдықтың сіңілісін берген.

Сондықтан 13- ке толғанда қыз баланы ұзатуға асыққан.

Үйде отырып пәктігінен айырылған қызды «сақинасы сынған» деп атап, әйелі өлген шалға берген.

Бір емес, бірнеше әйелі бар ауқаттылардың қатындары қайнысымен жүрген.

Көбінесе бие салғанда олар көңіл көтерген.

Оны «қайнысын ауыздандырды» деп атаған. Қайнысынан бала тапса да, білсе де, білмегендей болған, әйтеуір өз қаны ғой…

Ал күйеуі өліп, бір жылдан кейін басқа ағайыннан жесір әйел бала тапса, үлкендер «қайғыдан іштегі бала жатып қалып, сүйектен енді көтерілді» деп той жасап, шаңырақтың иесі деп қабылдаған.

«Жезөкше» суық жүрісті, жеңіл мінезді әйел. Бұл сөзді ер адамға да айтады. Жеңіл етекті әйелдерді нақтылайтын сөздер көп. «Жәлеп», «жүргіш», «нәпсіқор», «ойнасқор», «ойнасшыл», «салдақы», «қар».

Сайқал елдің түбіне жететін, төңірегінің бәрін құртатын әйел.

Ертеде жүріс жүретін әйелді киіз үйге қамап, үйді еркектер айналып, қамшымен ұрып, мазақ еткен…

Аналар бетіне түкіріп, бетіне күйе жаққан.

«Салақ, олақ, ойнасшыл, керім-кербез,

Жыртың-тыртаң қызылдан шығады ерек». (Абай).

«Ел аңдып сені, сен аңдып оны,

Қылт етпей бағып көр,

Ойнасшыл қатын қар,

Аңдыған елде қалар ма ар? (Абай).

«Әйелдің қары күлегеш, еркектің қоры күлегеш» (Мақал).

«Көп күлген к@ттің соры» деп, ертеде қыз баланың қатты күлуіне тиым салған…

Аналары қызы қатты күлсе, ақырын санынан шымшып алатын болған…

Артық айтсам айып көрмеңіздер. Кейде, көлеңкелі жағын да айтқанымыз жөн сияқты…

РАЙХАН МАТАЙ,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.