«Орысша сөйлей алмаса, ұялады» дейді психолог

0
407

Бізде орыс тілінде мүдірмей сөйлей алмаса, сол үшін қысылып-ұялатындар бар. Осыған байланысты психолог, коуч Роза Әшірбаева өз ойын айтты деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

«Орыс тілін білмеу — ұят емес. Орыс тілі — біз үшін шет тілі. Оны жетік меңгеру — міндет емес. Бізде орысша сөйлей алмағаны үшін ұялатын, тартыншақтайтын, комплекс ұстайтын кісілер бар. Әрине, орыс тілін білу қызметтік баспалдақпен көтерілуге септігі тиетін шығар. Алайда орыс тілінде қате сөйлеу — ұят емес. Орыс тілін білгеннің қоғамда әлеуметтік баспалдақ сияқты көрінеді. Алайда сіз өз тіліңізді біліп, орысша сөйлей алмағаныңыз үшін тартынбаңыз. Жұмыста орыс тілі қажет болып, оны қате сөйлесеңіз, онда тұрған ештеңе жоқ!» дейді Роза Әшірбаева.

Фото интернеттен алынды. 

@roza.coach

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Жолдастар инстаға жазылыңдар: @roza.coach #розакоуч #розааширбаева

♬ оригинальный звук — Роза Аширбаева | коуч