Израиль иен байлыққа қалай қол жеткізді?

0
320

Израильде 10,0 млн-ға жуық халық тұрады, оның 8,0 млн-ға жуығы еврейлер, 2,0 млн-ға жуығы арабтар, ал жалпы әлемде 15,0 млн еврейлер өмір сүреді. Израиль елінің көршілері;

  1. Иордания 90% арабтар 20,0 млн
  2. Египет 97% арабтар 110,0 млн.
  3. Сирия 95% арабтар 22,0 млн.

4.Ливан 90% арабтар 5,0 млн.

  1. Палестина, сектор Гааза 90% арабтар 5,7 млн.

Жалпы осылай +;- 5%

Израильдің жер көлемі 22,0 мың кв км. Дүниеде жер көлемі бойынша 151 орында. Жер көлемінің ұзындығы 470 км, ені 135 км.

Біздің Созақ ауданының өзі 41,0 мың кв.км. , яғни бір ғана Созақ ауданының жер көлемі Израйльден екі есеге жуық көп деген сөз.

Ал енді осы израильдің жері өте құнарсыз, сусыз, жер асты байлығы жоқ.

Елі өте бай!

Израиль дүние жүзіне ең озық технологияларды, ең сапалы азық түліктерді жеткізеді, таратады! Ғажап қой!

Оған қалай қол жеткізді?!Олардың ең негізгі байлығы — халқы, адамдары! Еврей халқы да 12 атаға, яғни руға бөлінеді. Бірақ бір бірімен ырылдасып, керілдесіп жатпайды!

Бірлігі,ынтымағы мықты! Әрбір еврей бірінші кезекке еврей елінің мүддесін қояды! Қандай сенімде болса да, қандай тілде сөйлесе де!

Білім, ғылым қуады! Сатқын, жемқор емес! Ел мүддесі үшін бәрін береді!

Жан жағымыз арабтар, араб, мұсылман болып кетеміз деп ойланбайды да!

Өйткені олар өз өздеріне берік! Еврейлер де әбден қырылған, қиындық, қуғын көрген халық!

Қай жерде жүрсе де еврейлер бір бірін қолдап жүреді! Оны жарияламайды!

Қазақтар ойланыңдар, кімнен үлгі алуды біліңдер! Біз өз өзімізге берік болсақ араб та, орыс та, қытай да болмаймыз!

Жан жағымыздан үркіп, қорқып, өзіміздің кемшілігіміз үшін көршілерді кінәлап біз ел де бола алмаймыз!

Бірінші өз өзімізді түзейік! Ұлттық қадірімізді түсірмейік! Ішімізде ынтымақ, бірлік болсын! Бір бірімізді іштей түсінейік!

Біз бір болсақ, бір бірімізді қолдасақ, бірінші кезекке еліміздің мүддесін қойсақ бізді жау ала алмайды!

Лапылдамайық, дарылдамайық, дарақыланбайық! Бір біріміздің қолымыздан мықтап ұстап, бірлесіп әділетсіздіктерге қарсы тұрайық!

Біз де білім, ғылым іздейік! Көр соқырлықтан арылайық!

Мынау кең байтақ жерімізге ие болар білімді, білікті, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуді ойлайық!

Тапқан таянғанымызды ұрпағымыздың біліміне, ғылымға жұмсайық!

Әр қайсысымыз бас пайдамызды ойлап жан жаққа тарта берсек мынау ұлан байтақ еліміз не болады?! Болашақ ұрпақтарымыз қандай күйге түседі?! Олар сіз бен біздің балаларымыз ғой! Ойланайық, оянайық бауырлар, ағайындар!

Бір бірімізді айтпай-ақ іштей түсінейік, қолдайық! Өткеніміз емес осы күнгі жеткеніміз жеңісіміз болсын! Ысырапшылдыққа, шашып төгуге құмарлығымызды барынша тежейік!

Қазір Дубайда, Сауд Арабияда, Египетте, Түркиеде, Тайландта т.б. елдерде жүргендердің жартысы қазақтар, аста төк той- жиын, ас өтізіп жүргендер де қазақтар! Бай мен кедейдің ара жігі аспан мен жердей!

Бай барын шашсса, кедей қарызға батуда!

Байлық — мұз! Мұздарың еруде, сырт жұртқа төгіліп, оларға нәр беруде, өз елің шөліркеп, шөлдеуде, өкінішке орай мұз байлықтарыңды қайта жинай алмайсыңдар! Иә, ниеті бөтендер байлықтарын шетелге асыруда. Түбінде олар өкінетін жағдайға жеткізейік!

Әділдік болса, елімізде әділдікке сенім болып, жұртымыз жаппай еңбекке, білімге бет бұрса бізде кедейлік болмайды.

Бізге жаратушы Алламыз ұлан ғайыр жер, таусылмас жер асты, жер үсті байлығын берді!

Жай бере салған жоқ, сынауға берген болар!

Сол сынақтан сүрінбей өтіп, осынау мол мұраға ие болар саналы, парасатты, білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелейік!

Еврейлердің ерен тірліктеріне санасы бар адамның көзімен қарайық!

Ұмтылайық, ұқсап бағайық!

Бөлінбейік, ел, ұлт мүддесі үшін бірігейік!

Мен қазақтың қабілетіне сенемін!

Ізгі ниетпен Қазығұрттан Әбдімүтәліп КӨБЕЙ.

Интернет иірімдерінен.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.