Ұлтты сақтап қалу — әрбірімізге міндет
Ұлтты жою — барлық білім жүйесін жойып, пәндердің мазмұнын, мектептік тәрбие жүйесін өзгертіп, (тарих оқулықтарына дейін) ұрпақты сауатсыз, тарихынан алшақ етіп, Назарбаев кезінен бастап кеткен еді..
Енді Жаңа Қазақстан ұлтқа қызмет жасағысы келсе, бұл мәселені бірінші кезеңде, шұғыл қолға алуы керек еді.
Қазақтың шынайы төл тарихын мектеп оқулықтарына толықтай кіргізуді қолға алу керек.
Ұлтты жою, ұрпақты тарихынан алыстатудан басталады. Төл тарихын, кім екенін білмеген ұрпақ дін, секта, пропоганда құрбаны болып, көрінгеннің жетегінде кетеді.
Соңғы кездері өз тарихымыздан гөрі Ресейдің “Қазақ деген ел болмаған” деген пропогандасы басым орын алып барады.
Қазақтың тарихын білуі Ресейге де, Қытайға да керек емес. Тіпті шындап келгенде Исламның өзі біртіндеп ұлттық идеологияға шабуылдап Қазақтың исламға дейінгі тарихын жоққа шығарып, арабизацияны насихаттай бастады. Бұл — өте қауіпті.
Серік ӨМІРТАЙ,
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.