Бас мүфтидің дипломын қашан тексереді?

0
219

Министр Саясат Нұрбек 1991 жылдан бастап берілген дипломдарды тексеріп, жалған диплом иелерін жазаға тартпақшы деп жазады журналист Ораз Әлімбеков өз парақшасында.

“Мен бұған дейін Бас мүфти Наурызбай Өтпенов пен кемі үш қаланың (Астана, Алматы, Шымкент) бас имамдарының дипломдары күмәнді екенін дәлелдеп жазғанмын. Тіпті, Наурызбай Өтпеновтің доктор дәрежесін алуы да күмәнді. Ол басқа қалада толық ставкада жұмыс істеген, ал өзі мың шақырым алыстағы қалада докторантура оқыған…

Министр осындай жалған дипломды пайдаға асырып жүрген қуаяқтардың 2 жылға сотталатынын айтты. Оның сөзі рас болса, жақын арада соттың айыпталушылар орындығынан сәлде таққан молдаларды да көріп қаламыз, құдақаласа….” деп журналист ойын түйіндейді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.