Ішімдікпен ұсталған имамның тағы бір былығы ашылды
Нәпсі : Мас болып машина айдаған бас имамның қасында қыз болған деп жазады журналист Ораз Әлімбеков Facebook парақшасында.
Бурабайдағы сенімді дереккөздің айтуынша, Қостанайдың бас имамы түн жарымда түнгі клубтан қыз ертіп шығып, машинаға бірге мініп белгісіз жаққа бет алған. Мас жүргізушіні полиция ұстағанда қыз біраз абдырап тұрып, өз бетіне кеткен.
Дереккөздің айтуынша, бас имам молдаларша киінбеген, сақалын да жұқалап қырып сәндеп қойыпты. Бас имам Регион түнгі клубының тұрақты клиенті болған. Тіпті, бас имамның исламға жат қылығы жөнінде мүфтиятқа бір-екі мәрте арыз айтылған, бірақ Бас мүфти Өтпенов бас имамды тыйатын ешқандай шара қолданбаған. Эх, мұнда қандай гәп бар екен, а?! дейді журналист.