Бір отбасыға найзағай түсті

0
304

Германияда жаңбырдан ағаштың астына тығылған бүтін бір отбасының басына найзағай түсті. Бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға бір апта бұрын төменгі Саксониядағы қалалық саябақта болған. Жауыннан тығылып, ағаштың астына жиналған 8 адамды найзағай соққан. Олардың бәрі бір отбасының мүшелері екен.

Ауруханаға жеткізілген, ауыр халдегі отбасы мүшесінің бірі – 14 жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды. Оның 5 жастағы інісі де ауыр халде, деп хабарлады жергілікті дәрігерлер.

«Найзағай соққанда, отбасы биіктігі шамамен 20 метр емен ағашының астына тығылған. Өкінішке қарай, найзағай дәл осы ағашқа тиген», — деп жазды германиялық басылым.

Отбасының сегіз мүшесінің алтауы, оның ішінде анасы мен әкесі медициналық көмек алып, үйлеріне оралды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.