Париж олимпиадасы: «Спортшы мен жанкүйердің бетіне тиген шапалақ»

0
380

Өткен жұма, 26 шілдеде Париждегі олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты сын көптеп айтылуда деп жазады Democrat.kz. ресейлік ақпараттарға сілтеме жасап.

Ашылу рәсімінде жұрттың ызасына тиген дүние  — суретші Леонардо да Винчидің“Тайная вечеря” көрінісіне құралған сахна болды.

Алдыңғы планда жатқан жалаңаш актер Дионис образында көк түске боялған. Діни ұғымда Дионис шарап жасаушы және ұрпақ өрбітуші саналады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: “Адам жиіркенетін дүниелерге жол беріпті. Бұл өте жиіркенішті. Ал ең бастысы — біздің елімізде мұндайларға заңмен тыйым салынған. Біздің көрерменнің бұларды көрмегеніне қуануымыз керек”,- деді.

Ал Польшаның экс-премьер министрі Матеуш Моравецки “олимпиаданың ашылу салтанаты — спортшылар мен жанкүйерлердің беттеріне шапалақпен салып қалғандай болды” деді.

Миллиардер Илон Маск өз кезегінде: “Бұл христиандарды құрметтемеудің шыңырау шегі болды”,- деп жазып, әлеуметтік желідегі Олимпиадалық ойындардың ресми парақшаларынан тіркеуден шығып кетті.

Сондай-ақ француз католик шіркеуінің өкілдері “христиандарды келемеждеп, мазақтады” деп реніштерін білдірді.

Ал ХОК бұл сынға не деп жауап берді? Олимпиада ойындарын өткізуді ұйымдастыру комитеті ашылу салтанатындағы кейбіз сахналық көрініс үшін кешірім сұрады.  “Әлдебір діни сенімді мазақтау туралы ниетіміз болмады. Көріністер тұтастай толеранттылыққа құрылды” деп ақталды.

Ал осынау көрініс идеясының авторы Жолли: “. Бәрі де қарапайым — Дионисті ағашқа қағады. Дионис бұл жерде мерекенің құдайы, шарап пен Секуанның әкесі, Сена өзенінің құдайы ретінде көрсетілді. Басты идея — діни фестиваль көрсетуге бағытталды”,- деп қысқа қайырды.