Париждегі олимпиада ЛГБТ-ны дәріптеді ме?
Париждегі олимпиаданың ашылу салтанаты түрлі діни ұғыммен байланыстырылып жасалды. Өз кезегінде бұл ашылу салтанат рәсімі кейбіреулердің діни сенімін мазақ еткендей болды деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
26 шілдеде өткен Париж олимпиадасының ашылу салтанаты тұтастай ескі діни наным-сенімге негізделген көрініспен өтті. Дионис атты шарап құдайын әспеттеген көріністен кей христиан діні өкілдері өздеріне деген мазақты ашық байқады.
Сондай-ақ бұл күнге ерекше көрініс — олимпиада алауын алып жүгірген бейтаныс кісімен байланысты болды. Алауды алып жүгірген ол опера мен Луврды айналып жүгірді.
Осы тұста ол Мона Лизаның картинкасы жоғалғанын біліп, әрі қарай жүгіреді. Осы тұста француз революциясы туралы хабар беретін көрініс пайда болады. Ал басы кесілген Мария-Антуанетта (Марина Виотти) жұлынған басын қолына ұстап, опера ариясын шырқайды.
Ария шырқаушыға жақын маңда гитарамен ән салған топты көрсете отырып, олардың айналасында өріп жүрген ЛГБТ өкілдері камераның басты планына өте жиі алынуы нені білдіреді? Тіпті кей кадрда үш адамның жыныстық қатынасқа түсуі мен бір бірімен сүйіскен биші еркектер анық көрінеді. Ал мінбеге трансгендерді әспеттеп шығару… Олимпиада алауын ЛГБТ өкіліне беру…
Франция олимпиаданың ашылу салтанатында трансгендер, ЛГБТ-ны көрсету арқылы әлемге қандай месседж жолдағысы келді? Дионис құдайын көрсету арқылы кімді мұқатып, кімді мазақ еткісі келді? Көпшіліктің көкейінде осы сұрақтар қалды.
Дайындаған Қанат ДАСТАН.
Democrat.kz.
Фото интернеттен алынды.