Рамзан Қадыров өзбек басшысына қымбат сыйлық берді

0
134

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің туған күніне жылқы сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қадыровтың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамзан Қадыровтың сөзінше, Грозныйда «АХМАТ» Азия жекпе-жек лигасының президенті Надыр Қадировке екі асыл тұқымды жылқы тапсырғанын айтты.

«Бұл – қымбатты ағамыз, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев ағамыздың туған күніне орай жасаған тарту. Оның асыл тұқымды жануарларға деген сүйіспеншілігін білетіндіктен, оған бұл сыйлық ұнайтынына сенімдімін», — деп жазды Қадыров.

Шешенстан басшысы жылқылар өте жақсы бапталғанын, әртүрлі ат жарыстарында жақсы нәтиже көрсеткенін де атап өтті.

«Шавкат Миромонұлына және Өзбекстан тұрғындарына шын жүректен шыққан тілегімді жеткізуді өтіндім. Шешенстан Республикасы екі ел арасында қалыптасқан тығыз бауырластық қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз.

Әрине бұл үшін Шавкат Миромонұлының еңбегін атап өткен жөн. Біз Шешен Республикасының да, Өзбекстанның да дамуына үлес қосатын тәжірибе мен біліммен белсенді түрде алмасып отырамыз.

Өзбекстан халқына гүлдену, ал Шавкат Мирзиёевке ұзақ өмір және республиканың даму жоспарларын іске асыруда табыс тілеймін!», — деп жазды Шешенстан басшысы.

Фото интернеттен алынды.