Жанкүйердің спортшыны сынауға қақысы бар

0
164

Олимпиададағы “Алланың қалауы осылай болды” дегеннен шығады…

Жалпы Парижге кеткен делегациядан гөрі елде қалған миллиондаған халық бар. Көрермен әр спортшыға шынымен жанкүйер.

Жеңсе баладай қуанамыз, жеңілсе күйінеміз. Құдды бір жақын туысымыз жарысқа шыққандай тақымымызды қысып отырамыз.

Ал, енді жанкүйерге сынай бермеңдер, айта бермеңдер, үйте бермеңдер, бүйте бермеңдер деу де бірүрлі ғой.

Жанкүйерлік дегеніміз сол спортшыларға сайыс кезінде ғана жанкүйер болу емес қой. Олимпиаданың ашылу салтанатына киетін киімдерінен бастап ойбайлаймыз да отырамыз.

Сосын сайыс біткен соң спортшылар не айтар екен деген пікірі де қызық. Бүкіл әлем көз тіккен дода болғандықтан спортшылардың физикалық дайындығынан бөлек журналистермен сұхбаттасуға, комментарий беруге дайын болуы шарт.

Сайысқа аттанбас бұрын ойыншылармен бұл нәрсе талқылана ма, пысықтала ма білмедік, бірақ кім болсаң да олимпиадаға бара жатқандықтан сөзге өте сақ болу керек.

Ақпарат дәуірінде әр сөзге аса ұқыптылық керек ақ. Өткен жолы Димаштың ән байқауда қасындағы адамға айтқан бір ауыз сөзі қатты талқыланып кетті емес пе?! Сол сияқты нәрсе.

Ал енді сенім мен дін ол әр азаматтың жеке мәселесі. Тек біздікілер ғана емес басқа да елдің спортшылары жеңістен соң сәжде жасап, сөздерін айтып жатады.

Біздікілер сол спортшыларымыздан шынайы комментарий тыңдағысы келгенде әңгіме жаңағыдай…Діни ағымдардың спортшыларға әсері жайлы көптен бері жазылып та, айтылып та жүр.

Асхат САДЫРБАЙ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.