«Ресеймен соғысқа дайын болуымыз керек» дейді капитан

0
628

Германия әскери-теңіз күштерінің капитаны Михаэль Гисс Германия соғысқа дайындықты бастауы қажет деген пікірде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Германия әскери-теңіз күштерінің капитаны Михаэль Гисс ел билігі мен халықты сыртқы қауіп-қатерді мойындауға, Ресейдің НАТО-ға шабуылының алдын алу үшін соғысқа дайындала бастауға шақырды.

«Менің сарбаз ретіндегі уақытым аяқталуға жақын. Бес жылдан кейін біздің қоғам сыртқы әскери қауіп-қатерге төтеп бере алатындай тұрақты болуы керек», — деді Михаэль Гисс Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, Германия географиялық орналасуына байланысты Ресеймен нақты қақтығыс болса, НАТО әскерлері шығысқа баратын аймаққа айналуы мүмкін.

Фото интернеттен алынды.