Қарындағы май кетсін десеңіз…
Әдетте ішке май дұрыс тамақтанбағаннан және қозғалыстың жоқтығынан жиналады. Алайда оның басқа да себептері болуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біріншісі — созылмалы ұйқысыздық және күйзеліс. Толыққанды демалыссыз ағза «аштық гормоны» — грелинді өңдейді. Күйзеліс кезінде де солай болады.
Үшіншісі — етеккір үзілісі (менопауза). Әдетте 45-50 жаста әйелдердің етеккірі тоқтап қалады, ал ол эстроген өңдірісінің төмендеуімен қатар жүреді. Сондықтан ағзадағы зат алмасу процестері бұзылады.
Төртіншісі — іштің кебуі (метеоризм). Газ көп түзілетін адамдардың іштері үлкейіп кетеді. Ұннан жасалған өнімдер, бұршақтылар, майлы, сүтті өнімдерден және газдалған сусындардан бас тартып көріңіз.
Бесіншісі — ауыр спорт. Адам қатты шаршағанша жаттықса, ағза әлсізденеді. Мұндай жағдайда ағза қалпына келмейді және «өзін-өзі сақтау» режимін қосады. Бұл кезде іштің төменгі жағына май жиналады.
Фото интернеттен алынды.