Бейітке су құю туралы білесіз бе?

0
1168

ТикТок әлеуметтік желісінде пайда болған видеода қазақ халқының ескі бір әдет-ғұрпы делінген дүние тарады деп жазады Democrat.kz.

Ескіде бейітке су төгу ғұрпы болған екен. Бұл туралы Жанбибі Түрсынбаева айтып берді деген Зира Наурызбай атты желі қолданушы: «Бейітке су құюдың бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Ескі қорым, 40 дәрежедегі ыстық. Маңғыстаудағы құлпытастарға арнайы шұңқыр жасалады. Оған жауыннан су жиналады. Ал келген адамдар бұған су құяды. Құстар су ішеді. Меніңше, мұнан басқа да себептері бар. Ескіде адам жаны құс кейпінде ұшып келеді деп сенген. Көне түркі жазбаларда қайтыс болған кісіні «адам жаны ұшты» дейтін. Сонымен қатар ескіде жолаушылар да бейіттің қасынан өткенде құстарға деп су төгіп кетіп отырған. Бұл — меніңше, ата-баба рухына су беру болуы да мүмкін»,- дейді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

https://www.tiktok.com/@ziranauryzbai/video/7402696146403020038?_r=1&_t=8oriBJgaAKb