Хиджабтағы қыз ҰҚК-ден көмек сұрады (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Эмануэлла Наурызбаева ҰҚК-ден жәрдем сұрады деп жазады Democrat.kz.
«Мен — қазақпын! Осы елде туып — өскенмін. Алайда ТикТок әлеуметтік желісінде «nurs bloger» деген атпен тіркелген жігіт маған «сен өзбексің» деп жала жауып, мазамды алуда. Дәлел ретінде жеке куәлігімді де көрсеттім. «nurs bloger» деген кісі эфирде көрсеткен куәлігімді фотоға түсіріп алыпты. Мұнан бөлек «nurs bloger» деген ТикТок қолданушы менің діни сеніміме тиісіп, өзінің діни сенімін тықпалап, «мына кісілерді тыңда» деп мен білмейтін уағызшыларды тықпалайды. Мен — Әбу Ханифа мәзхабын ұстанамын», — деген хиджабтағы қыз жеке куәлігін сақтап алған және басқа дін жолын тықпалаған азаматтың өз өміріне қауіп төндіріп отырғанын айтып, ҰҚК-ден жәрдем сұрады.
Фото видеодан скринделіп алынды.