16 жасар келін шашу сатып бастаған ба?

0
3007

Әнші Абай Бегейдің 16 жсында тұрмыс құрған қызы Сымбат барған жерінде қызықты бизнес бастап кетті деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде  бұрқырап тараған бір видеода таяуда ғана келін атанған 16 жасар Сымбат пен енесі екеуі қазақтың салтында жоқ дүние «ойлап тапқанын» анық байқауға болады.

Видео келін мен ененің шай ішуімен басталып, бірден тойға түскен алтындарды жұртқа көрсетуге жалғасады. Абай Бегейдің қызы Сымбат енесіне тойда түскен қымбат-қымбат алтындарын көрсетіп бастағанда енесі: «Сенің оқырмандарың мына алтындарыңды көріп қызығатын болады. Неге оларға да шашу шашпасқа, сыйлық бермеске?»- дейді.

Әлеуметтік желіде қазірдің өзінде «16 жасар пысық келін» атанған Сымбат та қарап қалмай: «Мама, мен оларды да ұмытқам жоқ. Міне, дайындап қойдым!»,- деп дорба толы алтындарын үстелге жайып салды.

«Бақсақ, бақа екен» демекші, жас келін мен енесі оқырманына шашуды тегін бермейтіні мәлім болды. Түсінгеніміз, кәдімгі лотерея сияқты бір дүние. Экранға шыққан жазбада 100 теңгеден бастап 20 мың теңгеге дейінгі әлдебір шарты көрсетілген. Яғни, ақша саласыз, ұтсаңыз, шашу ретінде алтын аласыз.

Оқырмандарының кейбірі бұған қатысты «алтын ойнатуды бастаған ба?», «тойға кеткен шығындарды осылай қайтарып алмақ па?», «шашу сатылушы ма еді?» деп пікір жазуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.

@kyzyk_angimee

♬ оригинальный звук — kyzyk_àngíme