«Сақалымызды кесті, жайнамаз бермеді» деп түрмеде лаңкестік жасаған

0
1897

Түрмеде отырған 4 қылмыскер 2 млн доллар мен тікұшақ беруді талап етіп түрме қызметкерлерін кепілге алған деп жазады Democrat.kz. ресейлік басылымдарға сілтеме жасап.

Лаңкестерді бұл қадамға итермелеген себеп — олардың сақалын түрме тарапынан тықырлап кескені, қасиетті Құран кітаптарын тартып алғаны мен намаз жасауы үшін  жайнамаз берілмеуі болған екен.

Ұры-қарылар отыратын бұл түрменің ішінен мынадай радикалдардың шығуын сарапшылар қалыпты жағдай дейді. 1200 кісілік түзеу коллониясында болған бұл оқиға Волгоград қаласынан 100 км қашықтағы Суровикино қаласында ИК-19 деген жерде орын алған.

Рамзиндин Тошев, Назирчон Тошов, Рустамчон Наврузи, Темур Хусинов атты төрт лаңкес пышақ, балғамен қаруланып түрме қызметкеріне шабуылдаған.

Сондай-ақ олардың қолында тыйым салынған исламистердің байрағы болған. Ал енді бірі жарылғыш заттары бар жилет киіп алған. Өздерінің талаптарын орындауды бұйырған исламистерді жарты сағаттың ішінде Ресей қарулы тобы қолға түсірді.

Оқиға барысында бірнеше кісі жараланып, 4 адам көз жұмды.

Төменде лаңкестердің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы.

Фото интернеттен алынды.