Білім саласында сүйінші жаңалық: Министр мәлімдеме жасады

Білім саласында сүйінші жаңалық: Министр мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осыған дейін мұғалімдердің мазасын қашырған мәселеге қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, экс министр Ғани Бейсембаевтың тұсында "пәндерді біріктіру" деп аталатын бір жаңалық жүзеге асырылып басталған болатын. 

Ұқсас пәндерді біріктіріп оқыту деп аталатын бұл реформа әзірге пилоттық жоба ретінде түрлі аймақтарда біртіндеп енгізілетін болып жоспарланған еді. 

"Алгебра мен геометрияны біріктіріп оқыту мүмкін емес, екеуі екі бөлек сала" дегенге саятын қарсы пікірлерін білдірген мұғалімдерді бүгінге дейін тыңдар құлақ болмағаны да жасырын емес. 

Міне, осы "пәндерді біріктіріп оқыту" жобасының нүктесін қазіргі министр Жұлдыз Сүлейменова қойды. "Ешқандай пән біріктіріліп оқытылмайды. Әр пән өзіне бөлінген сағат бойынша оқытылады" деп мәлімдеді министр. 

Министрдің бұл мәлімдемесіне қолдау білдіріп, разы болған қазақстандық мұғалімдер әртүрлі әлеуметтік желі топтарда пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар