«Болмашы әңгімені қою керек», — дейді академик

0
208

Белгілі ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев «Ой-лайық» подкастына берген сұхбатында Қазақстан мектептеріндегі балалар әлі де даладағы дәретханаға барып жүргендерін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Қазақстанда 7 мың мектеп болса, оның көпшілігі 3 ауысыммен оқиды. Дәретхана мәселесі де бар. Біз де мектепте оқыдық, дәретхана сыртта болатын. Қазір барсаң, сол дәретхана әлі тұр. Оңтүстікте көп болса, ол оңтүстік жаман деген сөз емес. Бұл – шындық. Дәретхана сала алмай отырып, Швециядағыдай мектеп салам деген – бос әңгіме. Жерге түсіп, болмашы әңгімені қою керек», — дейді Жұмаділдаев.

Ғалым түрлі елдің тарихы мен ғылымының дамуын мысалға алды. Математиканың барлық салада кезлдесетінін тілге тиек етті.

«Өлең шығаруға да математика керек. Алдымен логика, кейін өлең жүреді. Ақындар көп, логикасы бар ақындар аз. Абайдың сөзін тек практикалық тұрғыдан мойындаймын. Өте көркем жазады. Дене шынықтыру, сурет салуда да математика кездеседі», — дейді ғалым.

Фото интернеттен алынды.