Мәжіліс депутаты мандатынан айырылды
Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының ұсынуымен мәжіліс депутаты Асқар Садықовты мандатынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды.
«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 1 қаулысының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықовтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы парламенті», – делінген хабарламада.
Ал партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің Telegram-арнасында бұл шешімге «А.Садықовтың депутаттық мәртебеге келмейтін әрекеттері негіз болғанын» айтты.
«Бұл шешімге А.Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды», – деп жазды Перуашев.
Айта кетейік, Асқар Садықов 2023 жылы наурызда VIII сайланған мәжілістің депутаты болып сайланды. 2013-2023 жылдары «Ақ жол» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарған. 2014-2023 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының үш шақырылымының депутаты болды.
Мәжіліс отырыстарында Садықов түрлі тақырыптағы депутаттық сауалдарды жиі айтты. Мәселен, жыл басында ол Қазақстан өзінің ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Astana компаниясын бақылай алмайтынын айтқан. Ал көктемде депутат еліміздегі алкоголь өндірісін қашан да «Ескі Қазақстанның» адамдары қорғап келгенін мәлімдеді.
Фото интернеттен алынды.