АЭС референдумына қанша теңге жұмсалмақ?

0
206

Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсамақ, — деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

«Референдум туралы заңның 20-бабына сәйкес, біз орталық референдум комиссиясы Үкіметке шығын сметасын жобасын дайындап жібереміз. Бүгін таңертең оны істедік. Орталық комиссияның дайындаған сметасында шығыстардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңге», — дейді Мұстафина.

2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. АЭС салу мәселесіне қатысты Ұлттық Референдум 6 қазанда өтеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.