«Екпе алып, сау балам сал балаға айналды» дейді

0
302

ТикТок әлеуметтік желісінде екпе туралы видеосын бөліскен Ai1993s атымен тіркелген келіншек өз күйінішін жеткізді деп жазады Democrat.kz.

«Екпе алмаңыздар демеймін. Алыңыздар. Ол сіздердің өз таңдауларыңыз. Алайда мен балама екпе салдыруға қарсымын. Себебі әп-әдемі ойнап-күліп өсіп келе жатқан үлкен қызыма 4 айында екпе алып, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықтық. Бәлкім, қызымның біз білмеген невралгиялық ауруы болған шығар, білмеймін. Әйтеуір екпе алған соң артынша жағдайы күрт нашарлап, аяқ-қолын ұстай алмайтын болып қалды. Сап-сау қызымның бұл жағдайға қалай тап болғанын дәрігерлер де дөп басып айта алмады», — деп жылаған келіншек «баланың денсаулығы үшін тек қана біз жауаптымыз. Дәрігерлер ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайды» дейді.

«Емханаға барсақ, дәрігерлер «егер балаң екпе алмаса…» деп әлдебір қағазды көрсетеді. «Екпе салдыруға тиіссің» дейді. Ал екпе алып, денсаулығы құрыған бала үшін ешқандай жауапкершілікті дәрігер мойнына алмайды», — дейді шарасыз ана.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@ai1993s

#рекомендации #fypシ゚ #реки #рек #прививка

♬ оригинальный звук — Ai