Оқушылар төбелесіп, біреуі қаза тапты

0
159

Ақтөбе облысында оқушылар төбелесіп, арты қайғылы жағдайға ұласты: төбелес салдарынан 9-сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 2 қыркүйек күні Темір ауданы Кеңесту ауылында болған. Марқұм оқушы Копин орта мектебінде оқыған.

«Диапазон» хабарлауынша, төбелес түнде болған. Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағанның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады полиция департаменті.

Қайтыс болған бала мен күдікті оқушылардың отбасылары әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілген, есепте тұрған жоқ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.