Қазақ ұлтының өз тілі, өз сөздері жоқ па?

0
333

Кезекті бір сұхбатында уағызшы Қабылбек айды аспанға бір-ақ шығарды деп жазады Democrat.kz.

«Араб біздің тілімізді бұзған жоқ қой. Жарайды арабтың діні деп тілімен, дәстүрімен кеттіңдер деп, солар айтқандай қабылдайтын болсақ, онда біз қазір қолданыстағы сөздеріміздің 70 пайызынан бас тартуымыз керек. «Рахмет», «шүкір», «ұтаз», «дәптер», «мешіт», «медресе», «тәуба» кете беріңіз. Бәрі арабтың сөздері. Сонда қазір біз сөйлеп жатқан сөзіміздің 70 пайызын бізге қолданбау керек. 30 пайызының біразы орыстардың сөзі. Оны алып тастаңыз. Сонда бізге не қалды деген сұрақ қой. Біз қай тілде сөз қолданамыз?», — дейді уағызшы.

Бұл қалай? Қазақ деген ұлттың өз тілі, өз төл сөздері жоқ болғаны ма? Бұл арабтар қазақ даласына есекпен миссионер болып келгенге дейін халқымыз тілсіз, мылқау болғаны ма? Бұл арабтың шапаны жалбырап, далақтаған миссионерлері келмегенде, бұл қазақ түксіз, айдалада қаңғып жүрген халық болғаны ма? Сіз не дейсіз, оқырман?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото интернеттен алынды.