Сопылардың әрекеті жұртты шошытты

0
231

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған бір видеода сопылардың жиынында болған көрініс жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.

Видеода хазретінен, нәбиінен қазақ тілінде кешірім сұраған жігіттің бір кезде даусы бұзылып, еңіреп жылап жібереді. Кейін араб тілінде әлдене деп, «хазретім» деп еңірей жылаған жігіт еңкейіп ақ киімді кісінің аяғын құшады. Осыдан кейін жиылған жұрт «Аллаху әкбар» десіп шуылдай жөнеледі.

Бұл видеоға қатысты «адасқандар», «ой, жарыместер», «құдай сақтасын, мынау не?», «діннің өзі бір қазақты жік-жікке бөліп, бөлшектеп тастады» деген пікірлер жазылуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.