Мектеп асханасынан уланған оқушылар салғырттықтың құрбаны ма?

0
253

Маңғыстау облысында 6 қыркүйектен бері 460-қа жуық оқушы мектептегі тамақтан уланып қалды. Соның ішінде 377 бала амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді.

Қазір Ақтаудағы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде 83 бала жатыр. Бұған дейін жансақтау бөліміне түскен екі оқушының беті бері қарап, бүгін жалпы палатаға ауыстырылды.

Мұнайлыдағы оқушылардың тамақтан улану дерегі бойынша зертханалық зерттеу қорытындысы шықты

07.-13 қыркүйек аралығында Мұнайлы ауданы Бесшоқы тұрғын массивінде орналасқан  №8 жалпы білім беру мектебінде «Топтық тағамнан улану» дерегі тіркелді.

Маңғыстау облысының ұлттық сараптау орталығының зертхана мамандарымен  эпидемиологиялық жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Зертханаға дайын тамақ өнімдері, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық тексеруге сынамалар алдынды.

Қорытындыға сәйкес мектеп асханасын санитариялық – эпидемиологиялық тексеру барысында  өрескел санитарлық талап бұзылушылықтар анықталды:

  • піскен тамақ өнімдерінен  — патогенді бактериялар зертханалық түрде дәлелденді; (картошка езбесінен, құс етінен әзірленген котлеттен, соустан  және компоттан );
  • алынған сүртінді сынамаларының (смыв) 20 %-нан ішек бактериялары дәлелденді;
  • Мектеп асханасында жұмыс жасайтын 10 қызметкерден, 1 медициналық қызметкерден  және 1 жеке кәсіпкерден алынған бактериологиялық тексеруге нәтижесінде — 6-маманнан стафилакок таяқшалары анықталды;
  • мектеп асханасы қызметкері (ыдыс жуушы) – дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені зертханалық түрде дәлелденді, сонымен қатар осы қызметкердің балаларға ас таратушыда  (раздатчица) болып қызмет арқарып, тамақты ластағаны дәлел болды;
  • жеке медициналық кітапшаларын тексеру барысында  4 асхана қызметкерінің жалған медициналық тексерістен өткендігі анықталды, бұл жөнінде облыстық прокуратураға және облыстық ішкі істер департаментіне хат жолданды;
  • қазіргі таңда осы жағдай бойынша Мұнайлы аудандық Полиция басқармасымен №244450031000356 қылмыстық кодекстің 1 бөлімі, 304 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы жағдайлар топтасқан бактериялық жұқпалы ішек ауруларының туындауына әкелді.

Амандық ЕСҚАЛИ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.