Ақын Лениннің ескерткішін өлеңімен құлатпақ болды

0
159

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған бұл видео жұрттың пікірін екіге жарды деп жазады Democrat.kz.

Саябақтағы В.И.Лениннің ескерткішінің жанына барып, өлең оқыған Мұрадым есімді әлеуметтік желі қолданушы өз өлеңінде:

Владимир Ленин деген арам кісі

Қазаққа батқан екен жаман тісі

Өзі өлсе де, тұр әлі ескерткіші

Кеңестік өкіметтің «подаркісі» деген ол ескерткішті бар күшімен итеріп, құлатып тастағысы келетінін әрекетімен көрсетті.

Осы видеоға қатысты көпшілік «нең бар Ленинде?», «Ленин қазаққа еш жамандық жасамады», «тарихты дұрыстап оқы», «Ленинге емес, духың жетсе, Назарбаевқа айт», «Лениннің пайдасы арабтардан көп болды», «Ленин қазақтың шекарасын шегелеп берген» деген сыңайда пікірлер жазып жатыр.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото видеодан скринделіп алынды.