Әкесі өз қызын жылдар бойы зорлап келген

0
365

Алматы облысында 15 жасар қызды туған әкесі зорлап келген. Қыздың анасы еріктілерден көмек сұрап, күдікті қамауға алынған. Алайда, артынша анасы күйеуін кешіріп, зорлық жағдайын жылы жауып қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі Время басылымына сілтеме жасап.

15 жасар қыздың анасы қоғам белсенділерінен көмек сұраған. Қыз бірнеше жыл бойы әкесі оны зорлап келгенін мойындады. Оқиғаға еріктілер тартылып, олар заңгерлермен, балалар омбудсмендерімен және полициямен байланысқан.

«Әділ» қоғамдық қорының жетекшісі Оксана Маралова оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Анасы мен қызы отбасында қорқынышты нәрсе болғанын мойындап қордан көмек сұраған.

«Бұл көп балалы отбасы. Зардап шеккен қыздың үлкені. Анасы үйде болмаған кезде, қыз өзінен кішілерге қарап үйде жиі қалатын болған. Соңғы рет келіншек Бішкекке кетер кезде қызы «Кетпеші, әкем мені тағы да ренжітеді» деп анасына жалыныпты», – дейді Оксана Маралова.

Қыздың анасы оқиға туралы қоғам белсендісіне өзі айтып берген.

«Қызым көптен бері қорқып, айта алмай жүргенін, айтуға оқталғанда әкесі жанымызға келіп алатынын айтты. Әкесімен жалғыз қалмау үшін үнемі далаға шығып кетуге тырысады. Білсем, дереу арыз жазар едім. Бірақ ол мен де ұрып-соғуы мүмкін», – деп бөлісіпті келіншек оқиғасымен.

Анасының сөзінше, қызға қатысты алғашқы зорлық-зомбылық оқиғасы, оның айтуынша, бес жасында болған.

«Қызын шешіндіріп, зорлап, біреуге айтсаң, сені және анаңды өлтіремін деп қорқытқан. Мас кезінде де, сау кезінде де зорлық жиі қайталанып отырған. Тіпті отбасындағы кіші қыздар да оқиғаның куәсі болыпты», – дейді Оксана.

Тіпті қыздардың оқиғаның қалай болғанын айтып берген аудиосы да бар. Зардап шеккен қыздың сіңлілерінің бірі әкесінің әрекетін еске сақтап қалыпты.

«Мен ұйықтап жатқанмын, әкем Мәрзияға (аты өзгертілді) жақындағанда ояндым. «Тұр» деді. Ол тұрғысы келмеді. Әкем оның шалбарын шешіп, қабырғаға тіреді. Сосын шешініп төсекке жатқызды. Ол жылады, әкем «Ауызыңды жап» деді» делінген аудиода. Осыдан кейін әкесі қыздың үстіне жатып, көрпе жамылып алған», – дейді Оксана.

Қыз не достарына, не мұғалімдеріне, не мектеп психологына шағымданбады. Ересектердің ешқайсысы, оның ішінде өз анасы да оның мінез-құлқындағы өзгерістерді байқамады.

«Әкеңнің жазаланғанын қалайсың ба?» деген еріктілердің сұрағына «Мен мұның тоқтағанын қалаймын» деп жауап берген қыз.

Қоғам белсенділері арыз жазу үшін Алматы облысы Іле аудандық ішкі істер бөліміне барған. Сол жерде қызбен психолог сөйлескен. Психолог қыздың оқиғаны нақты айтып бергенін, шындыққа жанасатынын түсіндірді.

Полицейлер кешіктірмей, тіпті күдіктіні ұстады. Алғашқы зорлық-зомбылық оқиғасы Алматының Алатау ауданында орын алғаны белгілі болды. Ертесі күні қызға сараптама жасалуы керек болатын. Алайда, анасы телефонын алмай қойған.

«Таңертең мен қыздың анасына қоңырау шала бастадым, телефоны сөндірулі болды. Мен қызға хабарластым. Ол анасының полицияда кеткенін, өзі үйде кішкентайларға қарап қалғанын айтты. Келіншек арызды алу үшін қайын енесімен бірге полицияға барған. Оның күйеуін кешіргенін түсіндім. Ер адамға тағылған айыптар алынып тасталып, ол босатылған. Бастапқыда күйеуінің енесінің үйінде тұратыны, қызына жақындамайтынын айтқан. Алайда, күйеуінің үйге қайтып келгені белгілі болды», – дейді Оксана Маралова.