Имамның жаназадағы мақсаты-ақша алу ғана

0
339

Ислам түркілер жаназасын узурпация жасап алғаны өз алдына, енді мына молдасы «дінге сенбегендерге— жаназа оқылмайды» дейді. 

Жаназа—шыққан жанға аза айту, жоқтау!
Өліктің тіршілігіндегі артықшылығы мен кемшілігін айтып—шежіресін түгендеу арқылы, артында қалған тірілерге сабақ ету!

Исламда ас соляд (намаз, намасте: приветствие) дейді, яғни өлген мұсылманның оқып үлгермеген намазын (құл-шылығын) жамағат болып оқып, келесі намазы қарыз болып қалмауы үшін тез апарып жерлеу, болды.

Ғылым исламнан болса, клиникалық (уақытша) өлімді неге білмейді?
Жә, намазда (құл-шылық) болмаған өлікке намаз қалай қарыз болмақ?

Сосын, құранда «жаан» сөзі—жынның атасы деп жазылған.
Нұрлан имамың отыр эфирде «жаным, жаным» деп.

Мен ғой, басында айтып—басымды арашалап алған адамын.
Маған араптың «абрака—дабрасы» керек емес!
Сендер қайтесіңдер, ағайындар?

Елін тұтас тонаған Назарбаев өлсе— «шашын тарап отырып» жылайтындар табылады әлі.

«Қандай адам еді?» деген моллекеңнің сұрағына жамағаты «некуевый болатын» дей салады.

Өздерінен тонаған ақшасына өздеріне мешіт салып —өз бидайларын өздеріне қуырып бергенін ұғып жүрген тауықмилар бар дейсің бе..

Имамдар, артында қалғандарға ол жасағанды қайталамауды үгіт етпейді, маңыздысы, ислам бойынша бейнамаз өлікке оқылуы тиіс емес ас соляд (намаз) оқығаны үшін алатын ақша!

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.