Оқушысымен көңіл қосқан мұғалімнің ісі тергеуге алынды

0
184

Ақтөбелік педагог Қылмыстық кодекстің «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабымен күдікті деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жоғары сынып оқушысымен қатынаста болды деген күдікке іліккен педагог әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Мән-жайды келіншектің бұрынғы күйеуі айтып берді. Ер адамның айтуынша, бес жыл бірге тұрған 24 жастағы әйелі мектеп оқушысымен көңіл қосқан.

Мектеп директоры мән-жай туралы тиісті органдарға хабар бергенін, педагогтың қазір жұмыс істемейтінін хабарлады.

“Жабық түрде болған соң біз бұл туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Жағдай анықталғаннан кейін тиісті органдарға хабарладым. Мұғалім қазір жұмыс істемейді,- деді мектеп директоры.

Ал Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің  122-бабымен, яғни, “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын растады. Іске қатысты басқа мәліметтер ресми хабарланбады.