Мұғалім ағасы зорлаған қыздың анасы сұхбат берді

0
391

Жақында мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін ағасынан зорлық көрген қыздың үндеуі жарияланған болатын. Қыздың анасы Stan.kz сайтына берген сұхбатында мән-жайды толық баяндап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зорлық көрген Еркеназ Орағалиеваның туған ата-анасы «бауырына салу» дәстүрімен қыздарын балалы бола алмай жүрген абысынына берген.

Өгей әке-шешенің қолында тәрбиеленген бойжеткеннің алты жасынан бастап қорлық көргенін туған анасы білмеген. «Естіген кезде өкініштен өзегім өртенді», – дейді Арай Нұргелдина.

«Өзімді лақтырып жібергім келді. Себебі өзімді кінәлі сезіндім. Қызымды өзгеге бермеуім керек еді. Менің бұл қыздан бөлек екі балам бар. Ішімдегі сәби екі ай болғанда, қайын ағам «маған бер» деп сұрады.

Мен келісімімді бердім. Ауруханадан өздері шығарып алды. Сол кезден бастап екеуміздің жолымыз екіге кетті», – деді қыздың анасы.

Оның айтуынша, Еркебек Жұмаханов ауылда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Осы оқиғадан соң, жұмыстан шығып, ауылдан көшіп кетіпті. Қызметінен өз еркімен емес, ауылдағы өзге де қыздарға қырындаған соң шығарып жіберді дейді.

«Біздің ауылдың мектебінен шығып кетті. Басында оған мән бермеп едік. Еркебек ауылдағы бір-екі қызға сөйлеп, тиіскен болуы керек. Сондықтан шығып кетті деп естідім. Ұстайды, сипалайды деген секілді қыздардың ата-аналарынан шағым түскен. Қазір олар ештеңе айтып отырған жоқ. Балаларының өмірі үшін», – дейді ол.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.