Алматылықтарға «жезтырнақтан» сақтануды «ескертті»

0
216

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода Алматыда «жезтырнақтан» сақтану плакаты ілінгені айтылады деп хабарлайды Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде Kınofeelka атымен тіркелген автордың видеосында автобус аялдамасында ілінген жарнамалық үлкен плакат көрсетіледі.

Әлгі плакатта «Абайлаңыз, жезтырнақ!» деген сөз жазылған. Ал бұл ескертпеден кейін жезтырнақты көргенде не істеу керегі мен жезтырнақтың жалпы сипаттамасы жазылыпты.

Сонымен қатар жезтырнақты көре қалсаңыз хабарласатын телефон нөмірі де көрсетілген.

Желі қолданушылар ерінбей, плакатта көрсетілген телефон нөміріне хабарласыпты. «Хабарласқаныма өкініп кеттім ғой. «Жезтырнақ» деген кино екен. Сол киноға шақырды» дейді әлгі нөмірге хабарласқандар.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.