«Мешіті болмаған соң Словакияға оқуға кетпедім» дейді Ерасыл

0
761

Өзінің әлеуметтік желі парақшасында қазіргі жағдайы туралы баяндаған Ерасыл Уәлиев Словакияға оқуға кетпегенін айтты деп жазады Democrat.kz.

Естеріңізде болса, ҰБТ-дан 1 балл алған бала ретінде жұртқа танылған Ерасылға әлемнің бірнеше елінен оқуға шақырту түскен болатын. Алайда Ерасыл кейбір елге барудан түбегейлі бас тартыпты.

«Словакия — Еууропа елінде болғаны үшін қызықтым. Шенген визасы болады деп ойладым. Алайда Словакиядағы грантымнан бас тарттым.  Дұрыстап анализ жасамаппын. Біріншіден, ол жақта желтоқсанда басталады екен сабақ. Екіншіден, ол жақта мешіт жоқ екен. Словакия — Еуропадағы мешіті жоқ жалғыз ел екен. Мешіті жоқ мемлекетте не істеймін мен? Мен үшін басты критерий осы болды»,- дейді Ерасыл.

Ерасылдың бұл видеосына қатысты жұрт «басың істейтін бала ғой деп ем, мешіт жоқ екен дегенің надандық қой», «мешіт емес, білім алмайсың ба?», «осының бәрі алланың қалауымен болып жатыр. Мешіт жоқ болсағ неғыласың барып», «азан айтылмаған, алланың аты жоқ жерде жүрудің ешқандай берекеті жоқ» деген сынды пікірлер жазуда.

Фото интернеттен алынды.