Біздің той-тойлап, алаңсыз жүргеніміз — Қытайдың арқасында

0
14

Жақында біреу елімізге қытайлар қаптап келіп жатыр деп алаңдаушылық білдірді. Мен оған келсін қытайлар, одан жаман болмаймыз деп жауап бердім. Оның себебі неде?

Біріншіден, Қытай тарихы бай ұлы мемлекет, қытайлар ежелден келе жатқан ұлы халық. Екіншіден, Қытай біздің көршіміз, көршімен тату болу керек.

Үшіншіден, қытайлар да, біз де азиялықтармыз, яғни менталитетіміз ұқсас. Төртіншіден, Қытай бүгінде әлем бойынша ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекет.

Бесіншіден, Қытай Батыс сияқты емес, азғындыққа бармай, яғни ЛГБТ сияқтыларға жол бермей адами дәстүрлі жолмен даму жолын ұстанған ел. Алтыншыдан, Қытай көп ұзамай әлемдегі ең озық мемлекетке айналады.

Олай болса озық дамыған елмен аралас-құралас болудан ешкім ұтылмайды. Жетіншіден, жоғарыда айтылғандарды ескере келгенде біздің қытайлардан үйренеріміз көп.

Осы орайда қытайлар көп, бізді жұтып қояды деген қауіпке қатысты айтарым ол елде біздің қазақтар сан ғасырдан бері өмір сүріп келеді әзірге жұтылып кеткен жоқ.

Тоқетері: әлемде қай елмен дос болу керек деген сауалға өз басым ойланбастан Қытаймен деп жауап берер едім. Тағы бір айта кетер жайт сонау 1990-шы жылдардан бері өзіміздің қытайлық тауарлар арқасында күнкөріп келе жатқанымызды, үйіміздегі тұтынып жүрген заттарымыз бен киіген киімдеріміздің бәрі, ішер асымыздың бір бөлігі әлі күнге сол Қытай елінен келіп жатқанын, алда да солай бола беретінін ұмытпайық.

Тіпті керек болса біздің алаңсыз той тойлап ахахаулап жүргеніміз де солардың арқасы. Өзіміз ешқашан шаруа тындырған емеспіз. Ендеше қытайлар сияқты еңбекқор халық біздер үшін өте қажет

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, азаматтық қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.