«Жезде мен балдыз ойынының» соңы ойнастыққа ұласқан

0
3516

Қазақта бар «жезде мен балдыз ойыны» деген дүниеге  қатысты танымал асаба Берік Жорабеков тұшымды дүние айтты деп жазады Democrat.kz.

«Қазақта балдыз бен жезде арасында болатын ойын, қалжың бар. Алайда осы нәрсеге түбегейлі нүкте қою қажет. Бір кісі бар, өз әкесінің кім екенін айта алмайды. Себебі, оның әкесі шешесінің жездесі. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген. Осы жезде мен балдыз арасында болатын ойын, қалжың деген кейде ойнастыққа кетіп қалады. Жезде мен балдыз арасындағы ойынның шекарасын бекіту керек, тіпті қажет болса, нүктесін қоя салу керек. Жездесі балдызына қамқор болсын. Екеуінің арасында тек сыйластық, құрмет болсын», — дейді асаба. 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.