«Мақсатты мектеп» — масқара жобаға айналып бара жатқандай

0
1298

Әлеуметтік желіде тіркелген «Өрлеу Қызылорда» парақшасы екі күннен бері жұртты шулатып, видеолар жариялауда деп жазады Democrat.kz.

Шулатып дегеніміз, әлгі видеолардың мұғалімдерді ызаландырғаны сонша, жазылған пікірлерді оқып, «Өрлеу Қызылорда» парақшасы емес, айдаладағы біз ұяттан бетті бастық.

«Өрлеу Қызылорда» парақшасы «Мақсатты мектеп» жобасы бойынша тест тапсырып, жоғары балл алған мұғалімдердің видеосын жариялаған. Видеода жобаның тестін тапсырып, «керемет» көңіл-күйде өз жетістігін айтқан мұғалімдер өз әріптестері тарапынан сынның астында қалды.

Бір ғана видеоға жазылған жүзден астам пікірдің 99 пайызы десек, артық болмас, видеодағы мұғалімнің әрекетін жасанды, ал «Мақсатты мектеп» жобасы тестінің түкке алғысыз екені туралы айтыпты. Пікірлердің скрин көшірмелерінің біразын төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз. Толықтай оқып шығамын десеңіздар, мына сілтемені басып, кіріп, қарап шықсаңыздар болады. (Әрине, егер өшіріп тастамаса)

Дәл осыған ұқсас келесі видеодағы жағдай да сондай. Тест тапсырып, «білімі көбейіп» кеткенін, сол білімін оқушыларына қолданған мұғалімнің «хабарына» әріптестері «бұл жоба, тест тапсыру тоқтатылсын» деген пікірді тоқтаусыз жазуда.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.