Сот мектеп әкімшілігінің арызын қанағаттандырмады

0
152

Орал қаласындағы Серебряков орта мектебінде жұмыс істеген 75 мұғалім осыдан екі жыл бұрын жалақыларына қосып алған 42 млн теңгені қайтармайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Жоғарғы соттың мәліметіне сүйенсек, бұл мұғалімдерге 2021-2022 жылдары артық жалақы төленген. Оны мектептегі аудит анықтаған. Іске мектептің бас есепшісі кінәлі екені дәлелденіп, ол жазасын алған.

«Мектептегі мемлекеттік аудит 2021-2022 жылдары 75 педагогқа жалақы бойынша 42 млн теңге көлемінде артық төлемдер негізсіз аударылғанын, сөйтіп, қаржылық құқық бұзушылық анықталып, дебиторлық қарыз есептелгенін анықтаған. Алайда, сотта мектеп әкімшілігінің өкілдері педагогтардың қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер жасағанын, соның салдарынан оларға артық қаражат аударылғанын дәлелдейтін дәлелдемелерді ұсына алмаған. Осыған байланысты №2 Орал қалалық соты мектеп әкімшілігінің арызын қанағаттандырған жоқ», — деп хабарлайды Жоғарғы сот.

Апелляция мектеп өкілінің шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.