Жаратушы құдай туралы ақиқат-шындық
Құдайдың үйі қайдан шықты? Шайтандікі дұрыспа? Діндегі құдай құдай ма?
Тұңғыш дін кітабы Тәуратты екінші қайталап оқып жатырмын. Бір қызығы алты күн бәрін жаратқан соң шәршәп қалвп, жетінші күні демалыпты ( сұрақ: Жаратушы неге шаршасын, ол адам емес қой?!).
Адамды жаратқан соң оны қазіргі Ирақтағы Евфрат өзенінің басындағы Едом деген жердегі жеміс бағын баптайтын жұмысшы еткен екен.
Ақылды ашатын жемісті жеме деп шектепті, бірақ жылан адам яғни жер асты кесертке адам оған оеы жесең ақыл кіреді деп айтқан соң әйелі екеуі жеп қойыптыда ақылдары кіріп өздерінің жалаңаш екендіктерін сезіп, бұттарына жапырақ байлап алыпты…(бәріне құдыреті жеткенде шәйтанға ештеңе қылмағаны қызық) Тәуратта шәйтан демеген, тек жылан деген, соған қарағанда араб, парсы ертегілеріндегі кесертке адам болса керек.
Сосын не керек адамды бақтан қуып жібереді, адаммен Хауадан екі ұл болады, үлкені Қабыл егінші، кішісі Әбіл малшы болады. Екеуіде жаратушы иеге салыққа тарту әкеледі (Жаратушы тартуға мұхтаж ба? бұлда Тәураттағы құдайдың құдай емес екеніне дәлел).
Қабыл Әбілді өлтірген соң ол қарғысқа ұшырайды. Ол өзі енді жер бетінде кім маған кездессе сол мені өлтіретін болады дейді (Бұл адам атадан өзгеде жер бетінде кісі баласы бар екеніне дәлел сөз).
Сосын Нұқ топаны басталады, жер бетіндегі тіршілік ұзыны 150 метр, ені 50 метр, үш қабаттық кемеге сиыпты мыс. Онысын қоя тұрайық, топаннан кейін Нұқтың үш ұлынан тарағандардың кімдер екені айтылады, Тәуратта батысы Мысыр, Шығысы Ирақтығы елдерден ары аспаған, демек Нұқ тұтас адамзаттың емес тек семиттердің атасы десе дұрыс болады.
Бабилон аңыздары бойынша құдайлар бір-бірін өлтіреде алады, адамдарша тамақ жейді، адамдар ең жақсы малын, жемісін, нанын құдайларға береді.
Демек Бабилон оркениетін жаратуға өзге ғаламшарлықтар үлес қосқан сияқты, солардың ішінде ең көрнектісі Анунакки әулеті, өзге ғаламшарлық осы әулет ол кездегі адамдардан миллиондаған жыл алда болғандықтан, осы өзге ғаламшарлық озық оркениет окілдерін құдай санаған.
Олардың адам тәрізді бейнелерінен сурет сызып, мүсін жасап оған табынған. Кейбір өзге ғаламшарлықтар адамдардан тіпті тұңғыш балаларын соларға тамақ ретінде беруді талап еткен, сосын әр жылы Бабилон халқы тұңғыш балаларын оларға арнаған, отқа салатын болған.
Одан Абырамға келейік Абырамда бала кезінде сол жиренішті салттың құрбаны болып отқа тасталып аман қалады, үйткені оған басқа бір құдай көмектеседі, сосын ол әкесінен безіп Бабилоннан кетіп қалады.
Абырам Сирия, Паластин жеріне барған, Ел деген құдайға табынады, әрине күніне бес уақ емес, анда- санда сиынып мал шалады. Бірақ ағасының қызы Сарадан туған ұлы Ысхақты құдай маған арнап құрбанға шал дейді, Абырам оныда істемек болғанда Ел құдайы оны тоқтатады.
Қош дейік, Юсуф Мысырға сатылып, онан уәзәр болған соң перғауынға бүкіл мысырлықтарды құл етіп береді. Мұсаға Яхуе деген құдай кезігіп Жақып ұрпағын Мысырдан алып шығу үшін мысырлықтарға маса апаты, шегіртке апаты, бақа апаты, бұршақ апатын, соңында әр мысырлықтардың тұңғыштарын өлтіріп жібереді. Бұдан Яхуе құдайдың жауыз екенін көруге болады.
Синнай тауында исрайыл әулетімен келіседі, Мұсаға исрайыл бойсұнатын заң-ережелерді айтып береді. Мен тек сендердің құдайларыңмын, өзге халықтың құдайы емеспін деп ашық айтады.
Сол үшін өзге халықтың құдайына табынбаңдар, табынсаңдар сендерді құртамын деп қорқытады. Айталық келісім тақтайшасын алуға кеткен кезде исрайыл бұрын өздері табынған өгіз құдайға табына бастаған соң оларды жазалап 3000 адамды қырып, қалғанын індетпен жазалайды.
Онан мен сендерді құтқардым, әр тұңғыш ұлдарың, малдарың менікі дейді. Сонда елдің баласын жейтін қандай құдай? Кей ертегілерде бір қалаға әр күні бір адам жұтатын айдағар келіпті немесе Қорқыт атадағы аспаннан түскен періден туған жалғыз көз жалмауыздың әр күні екі адам жегенінен парқы не?
Ал адамға ақыл беретін жемісті жегізген шәйтан ол шәйтан емес еврейдің құдайы нағыз жалмауыз болып отыр ғой? Оған қарағанда Мысыр перғауыны жұмыс істеткені болмаса бұлай қорлаған жоқ енді.
Еврейлер әр жылы түгелімен құдай Яхуе ге алтын-күміс әкеп тұрған, әр күні екінші тоқты әкеп тұру керек екен, сонда ол құдай емес сиқырлы құбыжық болып отыр ғой?
Сонан ол аспанға шығып кетеді, тіпті неше жүз жыл жоқ болыпта кетеді.(мысалы Жақып ұрпағы мысырда 400 жыл тұрғанда Яхуе келмеген)
Яхуе еврейлерге Қанахан жерін алып беремін, ондағы лурлықтар, филистрлерді, аммондарды жойып жерін сендерге беремін дейді, сондай-ақ дәл солай істейді.
Мұсаның кезінде Яхуе Мұсаға бұйырып өзі жерге келгенде тұратын құдайдың киелі шатырын салғызады, оны алтынмен аптатып, күміспен қаптатып, сәндетеді. Еврейлер тарту тамақтары мен малдарын, алтын-күмістерін сонда әкелген. Иысырдан шыққан кездеде мысырлықтардың алтын-күмыстерін бұлатуға бұйырады.
Мқсаға сөйлескенімен бейнесінкөрсетуден бас тартады, бейнемді көрсең аман қалмайсың дейді.
Соломонның кезінде Яхуе құдайға аонап сарай үй салады, оның ішінде Яхуенің арнайы бөлмесі, оған кіруге болмайды, одан өзге оған құлшылық ететін кең онын болған.
Ең асыл алтын, күмыстерін, гауһарларын сонда жиып отырыпты, сонда Яхуе құдай елден салық алатын патшама? Оған байлық неге керек? Сонда ол халықты соратын жалмауыз шәйтан ба?
Ал нағыз құдай қандай болуы керек?
Ол еш менсіз, ешнәрсе керек етпейтін, тіпті құлшылыққада, мақтауғада зәру емес, шексіз құдырет иесі болуы керек. Адамды қалағанын қорғап, қаламағанын қыратын, қорқытып, адам жеп, мал жеп, алтын-күміс жиятын қандай құдай?
Ал сол Яхуе, Ел құдайлары керек десең өзге халықтаодыда өзіне табындырмай неге аз ғана халыққа құдай болғысы келеді? Әлде шамасы жоқпа?
Құдайға тамақ не керек? Үй не керек? Діншілдердің құдайдың үйі дегені осы еврейлер құдайынан шыққан болса керек, ал құдай жалғыз болса оған жео бетіне толтырып миллион үй салып не керек?
Дәнішпан бабаларымыз құдайды семиттерден дұрыс түсінген екен. Құдайға кітап, үй, салық керек емес екенін, бағыт керек емес екенін, оны мақьап табына беру керек емес екенін жақсы түсінген. Семит құдайлары құдай емес адам жейтін, салық, байлық жиятын шәйтанға ұқсайды.
Жазба авторы — Ерзат КӘРІБАЙ.
Жазба әлеуметтік желіден алынды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.