«Әйелім жас жігіттермен жүріп, бірнеше рет аборт жасатты» деген азамат балаларын жанына алғысы келеді (ВИДЕО)

0
1209

«Отбасымды ауылдан қалаға көшіріп әкеліп, өмірімнің тас-талқаны шықты» дейді «Астарлы ақиқат» бағдарламасының кезекті кейіпкері. 

Заңды әйелі күйеуінің тағдырын ойыншыққа айналдырғанымен қоймай, басқа да еркектердің басын қатырған. «Ажырасу туралы ойыма кіріп-шықпаған. 23 жыл бірге тұрған әйелім ауылдан қалаға көшіп келген соң, өзгерді.

Қалаға келе салып, өзінен жасы кіші жігітпен көңіл жарастырыпты. Соңғы 2,5 жылда әйелім екеуіміз бірнеше рет ажырасып, қайта қосылдық. Жеті баламыз бар.

Бірге тұрып жатқанымызда Еркін, Біржан, Жамалбекпен жүрген. Біржан мен Жамалбектен жүкті боп қалып, баласын алдыртқан», — деген Ғалымжан Сүгірбеков қазірдің өзінде телефонына әйелінің түрлі еркектермен қонақүйдегі ұятсыз видеолары келетінін айтады.

Ғалымжанның қазіргі басты мақсаты — бала-шағасын жанына алып, өзі бас-көз болып, баққысы келеді.

Ғалымжанның әйелі Дана әр еркекке өтірік сөйлеп, «басым бос» деп, біріне «екі балам бар», ал біріне «үш балам бар» деп жалған сөйлеген.

Ал осы мәселеге қатысты Дана: «Бәрі өтірік! Жүрдім. Мен ол жігіттермен Ғалымжаннан ажырасып кеткеннен кейін жүргем», — дейді.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Democrat.kz.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@astarlyaqiqat_resmi

АЙТАРҒА СӨЗ ЖОҚ😨

♬ оригинальный звук — astarlyaqiqat_resmi