«Қазақтың дәстүрін арабизациялаушылар шаршатты» дейді қоғам белендісі
Қазақта «қыз қалыңсыз болғаны мен, кәдесіз болмайды» деген аталы сөз бар.
ҚМДБ қалыңмалды мәһр деп ауыстырып, онсыз да — материалдық жағдайы төмендігінен үйлене алмай жүрген жігіттер жағдайын қиындатыпты.
Қызды қалыңмалсыз ала беру мүмкіндігінен айрылып, әлбетте берілуі тиіс мәһрді жігіт енді қайдан таппақ?
Неке қиылып жатқанда пәтер, көлік, т б қымбат бұйымдар сұрап отыратын көргенсіздерді көріп жүрміз.
Иә, бұрында қалыңды тек байлар берген.
Ал сүйгенімен сөзбайласқан кедей жігіт сұлуын алып қашып, кейін күйеу жігіт жақ құдалық кәдесін жасап құтылған.
Қазір келіспей қыз алыпқашқандарға ҚК те жауапкершілік бабы қарастырылған!
Имам молдлар жастардың болашағына алаңсыз. Неке қиып —ақша алғаны болмаса жауапкершілік жоқ!
Бұларға дін сіңсе болды.
Қызын сатып—қалыңмалын өзіне жаратқан ата—ана жоқ.
Бәрін жастардың болашағына салады.
Молдалар айтты екен деп қазақ әдетінен жаңылмас.
Тек бір кебісті бір кебіске кигізіп, қазақтың салт—дәстүрін арабизациялап отырған ғұламалар шаршатадығой адамды…
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.