«Бізге Оқу ағарту министрлігі керек болмай қалды» дейді белсенді ұстаз
Министрлік тоңмойындық сананың жетегінде, мыңдаған педагогтердің үнін, басып жаншып, бірер (сарапшы деген атақ берген оларға) топтың өсегімен,нысаналы мектеп жобасын қажет деп тауыпты.
Оларға сарапшылар деген атақты кім берді?! Сарапшы болу үшін, мектепте кем дегенде бес жыл жұмыс істеген адам болуы керек.
Оқу-оқыту бағдарламалар, әдістемелер мен білім туралы заңды білу керек.
Заңсыз жобаны «не үшін заңсыз деп жатыр?» деп, елеңдеп зерттеп көрмеген блогерлер мен сабақ беріп көрмеген, мектеп өмірін, оқушыларды көрмегендер, жобаны қажет деп тауыпты.
Сонда, мыңдаған мұғалімдердің, былайша айтқанда халықтың үнін тыңдамайтын, бұл қандай министр?!
Кімнің мүддесін қорғап отыр. Отырыс жасай салып, мен халықпен талқыладым дей алмайды. Республика бойынша талқылауға бермеген жоба заңсыз болып қала береді.
Базасы дайын емес ұранды, білім саласына кіргізгендер- ұлтқа қиянат жасаушылар.
Мұғалімдерді мазаламасын!! Біз қызу талқылаумен өз мәселемізді өзіміз шешіп жатырмыз. Материалдық базамызды өзіміз күресіп жүріп жасатып жатырмыз. Әдістемені ізденіп жеке-жеке оқып жатырмыз.
Бізге Оқу ағарту министрлігі керек болмай қалды. Таратып жіберсе де, болады?! Қараусыз қалған білім саласына, жаратқан жар болсын!
Сәния НҮСІПӘЛІ, белсенді ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.