Шымкентте қыздың қалыңмалы арзан емес

0
31

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының анасы Қазақстанда қалыңмал мен мәһірді біріктіру мәселесіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізуші Instagram парақшасындағы видеода анасының ҚМДБ-ның қалыңмал мен мәһірді біріктіру шешіміне қатысты ойын сұрайды.

«Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһір бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді (қалыңмалдың құны), екі миллионға көшті. Оған мәһір қосылып еді.

Бәрін бірге қосқаны дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһір де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһірді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын», — дейді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.

Ол сөзін жалғай отырып, Шымкентте қалыңмал мөлшері туралы ойын айтты.

«Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһір жоқ. Мәһірі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар.