Келесі жылы Ресей-Украина соғысына қатысты өзгерістер болуы мүмкін

0
28

Ресей мен Украина соғысына өзгеріс тек келесі жылы қаңтар айында болады. Трамп таққа отырған күні осы соғысты тоқтатуға кірісемін деп отыр. Екі жақты келісімге отырғызып жанжалды тоқтатпақ.

Екі жақ та осыны біліп отыр. Келісімге отыру үшін өздерінің майдандағы позициясын нығайту ккерек. Нығайту үшін барынша шабуылды күшейтіп жатыр.

Ресейдің алыс жерлеріне ракеталар жіберіп,орыстар жаңа зымыраны Орешникті пайдаланып отыр. Алыс жер дегені сол, 500 км айналасы. Онан алысқа да ұшыруға болады. Бірақ , ұзақ ұшса ПВО -лары атып түсіреді. Зая кеткен ракета болады.

Егер ертең тараптар келісімге отырса орыстардың позициясы жақсы, аузын қатты ашып көп нәрсе талап етуі мүмкін.

БРИКС елдерінің саммиті батысқа қарсы альянс болып қалыптасқанын көрсетті. Біздің елді ол ұйымға шақырды. Тоқаев әзірше кірмейміз деп отыр.

Бірақ жұмысына қатысып отыру керек деген екінші шақырудан бас тарта алмайтын шығар? Және бұл шақыру суық , наразы түрде жіберілді. Ескерту деп түсіну керек.

Позицияны нығайту демекші. Соғыс саясаттың жалғасы. Соғыстың басты себебі не еді. Украинаның НАТО ға кіру туралы өтініші емес пе? Путиннің версиясы бойынша ,Киев Москваның іргесінде , демек НАТО ресейге қауіп төндіреді .

Балтық елдерінің кіргені ештеңе емес екен. Украина. Ол енді басқа әңгіме. Басқа категория. Украина кірсе НАТО -ның Америкадан кейінгі ең күшті мемлекеті болар еді.

Европадағы ең үлкен мемлекет. Осы қатты қауіпті болады. Егер Трамптың уәде бергеніндей американдар НАТО-дан кетсе, онда НАТО -да атаман болып қалады.

Ал, эстон, латыштар роль ойнамайды орыс үшін. Соғыстың тағы бір себебі , украиндардың ұлтшылдығы дейді. Орыс тіліне тиым салу ,ҰОС советтік есткерткіштерді қорлау т.б мелкий әрекеттер.

Бұларға назар аудармаса да болады. Батыс Украина болмаса басқа жердің бәрінде орыс тілі. Олардың өз тілін білмеуі қазақтан да асып кеткен. Біздің жөйттер сөйлемесе де түсінеді .

Оларда ондай да жоқ. 1954 жылға шейін РСФСР құрамында болған облыстар таза орыстардан тұрады. Путиннің бір арманы осы облыстарды өзіне қайтару . Оны ашық айтпайды,бірақ соғыс қимылдары сол жерлерде болып жатқаны көп нәрсені аңғартады.

Сұлтан СҮЛЕЕВ, тарихшы, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.