«Мұғалім — қорадағы қой сияқты болғаны ма?» дейді белсенді ұстаз

0
3441

Мен Шымкент қаласы, Сәуле мөлтек ауданындағы Р.Мырзашев атындағы 76 негізгі орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс жасаймын.

Еңбек өтілім он жылдан асты.Барлық қоғамдық жұмыстарға мерекелік іс — шараларға ат салыстым.Алты жыл бірлестік жетекшісі болдым.

Осы мектепке келгелі бері қолымнан келгенінше еңбегімді сіңірдім. Менен кейін келген үш мұғалім бар. Жаңадан ашылғалы отырған 148-ші жайлы мектепке менен бір ауыз сұрамай, мені жіберіп отыр.

Менен кейін келген, еңбек өтілі екі, үш жыл болған директордың ауылдастары,класстасының інісі, жақыны, завучтың қайнысы соларды алып қалып отыр.

Бұл қаншалықты заңды? Біз мұғалімдердің ешқандай пікірімен санасқан жоқ. Біз қорада тұрған қой сияқты болдықпа сонда. Бір қорадан екінші қораға айдап кіргізе салатын.

Неге біздің ойымызды сұрамайды. Неге біздің пікірімізбен санаспайды.Біз педагогпыз бізде адам баласымыз жеке ойымыз бар пікіріміз бар.Тіпті бірде — бір мұғалімнен сұраған жоқ санасқанда жоқ барасыңба жайлы мектепке деп.

Ал ҚББ — сы сұраған кезде, мұғалімдердің өздерінің келісімімен алынды бұл тізім деп айтыпты мектептің отдел кадрі. Неге ҚББ- на өтірік ақпарат береді.

Мен неге кетуім керек, менен кейін келген қанша мұғалім бар деп, қапа болып, налынып, көңіл- күйі түсіп жүрген мұғалімдер мектепте толып жүр. Жайлы мектеп ке барамын деген мұғалімдерді жібермей отыр.

Бармаймын деген мұғалімдерге мен өзім білемін, барасың деп өктем сөйлеп отыр мұғалімдерге. Өзі білетін жекеменшік мектебіма сонда.Бұл мемлекеттік мекеме емеспе.

Шымкент Қалалық білім басқармасы осы мәселенің дұрыс әділ шешімін тауып берулеріңізді сұраймын.

Дұрыс шешімін таппаса Оқу — ағарту министрілігіне және Президент Тоқаевқа дейін арызданатынымды жеткіземін. Неге он жыл еңбек өтілім бар мен кетуім керек?

Неге екі үш жыл істеген директордың жақындары, ауылдастары қалуы керек? Осы әділдікпа енді? Директордың ауылдасы, жақыны болса, завучтың қайнысы болса солар қалуы керек деген заң барма әлде? Әділетті жаңа Қазақстанымыз осыма сонда.

Ғабит РАЙЫМБЕКОВ, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.