Біздегі мүслімдер жұма намазын сенбі күні оқып жүр ме?

0
57

Біздегі уақыт, сағат, күн Григорян күнтізбесімен жасалған. Ал мұсылман елдері Хижра күнтізбесімен өмір сүреді. Осыған орай әлеуметтік желіде қызық пікір жазылды деп жазады Democrat.kz.

Қоғам белсендісі Берік Нұрхантегі қазақстандық мұсылман қауым жұма намазына қай күні барып жүр деген сауалға жауап іздеген ол:

«Григорян күнтізбесіндегі сенбі күні, исламның Хижра күнтізбесіндегі жұма күніне келіп тұр. Алдыңғы жылдары мешіттен шыққан намазхандар, ұялы телефондары арқылы, менің көзімше тексеріп ұзақ ойланып қалған еді, дүмшелер болса, маған түсіндіріп беріңдерші, бұл қалай болды??? Маған сенбейтіндер, дәл қазір Гуглге кіріп-«какой день сегодня по Хижре» деп жазып, көшірмесін осында салыңыздаршы» деп жазды.

Сонда қалай болғаны? Біздегі мұсылмандар жұма намазын сенбі күні оқып жүр ме? Әлде Григорян мен Хижра күнтізбесіндегі апта күндері бірдей ме?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.