Балаға жаңа жылды тойламайсың деу — оның балалық қуанышын ұрлау емес пе?

0
284

Хайп үшін адам неге бармайды деп отырғаным. Бір мұғалима оқушылардың жаңа жылдық мерекесін тойлатпауымыз керек деп аласұрып жүр екен.

Себебі дейді, ол батыстан келген мереке . Бізге жат екен. Сол батыстың календарымен тамақ ішіп ,туалетке барып жүргенін ұмытып кетті ме?

1-4 кластың оқушысына қалай айтасың? Ойбай,ол кәпірлердің мерекесі деп. Боздап жылайды.

Маскарад киімін алып, күніне неше рет киіп , сол мерекеге дайындалып жүрген бүлдіршіндерге сенің календарың беш тиынға да керегі жоқ.

Жаңа жылдық сыйлық ше? Әкесі уәде берген. Аяз атаның алдында тақпақ айтамын деп дайындалуы ше? Кішкентай қыздардың боянып,шашын плойкамен бұйралағаны қандай. Жылда көремін. Сол мереке үшін . Көздеріндегі шаттық пен қуаныш ше?

Ал бұларға ол ұнамайды екен.

Наурыздың жөні бөлек. Оның өзі қызылбастардан келген дәстүр. Айтсаң тағы ренжиді. Дегенмен оны да лайықты тойлап жүрміз.

Айтпақшы , 1988 жылы Алматыда Наурызды тойлауға рұқсат берген орыс Колбин болатын. Шаяхметов та, Қонаев та ол мереке туралы ауыз ашпады. Орыс батасын берді екен деп оны да тоқтатамыз ба?

Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.