АҚШ Ресей мен Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салды
АҚШ Пхеньянның қаржылық қызметіне және КХДР Мәскеуге көрсететін әскери қолдауға қарсы Солтүстік Корея мен Ресейге жаңа санкциялар салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Ким Чен Ын режимінің арандату әрекеттері, соның ішінде құрлықаралық баллистикалық зымыранның соңғы сынағы және Ресейге әскери қолдау күшеюі аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтіреді», — деді елдің қаржы министрінің терроризм және қаржылық барлау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Брэдли Т.Смит.
Санкция жобасында Солтүстік Корея банктеріне, жоғары лауазымды әскерилерге және басқа да шенеуніктерге, сондай-ақ, ресейлік мұнай тасымалдау компанияларына бағытталған санкциялар АҚШ-тың Солтүстік Кореяның Ресейге көрсеткен қолдауын тоқтату жөніндегі соңғы қадамы екені айтылады.
Санкция салынған Солтүстік Корея банктерінің қатарына Golden Triangle Bank және Korea Мandal Credit Bank кіреді.