Щучинск: 3,5 млрд теңге «жұтқан» спорт кешені қаңтарылып тұр

0
101

Щучинск қаласы –Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы дүниеге келген жер және қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық дайындық орталығы.

Айтса сенгісіз, бірақ дәл осы қалада бірнеше жыл бойы көпфункционалды спорт кешені салынып бітер емес.

Бұл нысанның құрылысы 2021 жылдың шілде айында басталған еді және жоспар бойынша бір жылда аяқталуы тиіс болатын. Ал қазір 2024 жыл аяғына жетті, бірақ спорт кешені әлі тапсырылмаған. Қазіргі уақытта нысан кәдімгі бітпеген құрылысқа ұқсайды: арматура, бетон және биік қоршау. Жобаны жүзеге асыруға 3,5 миллиард теңге құйылған, бірақ қаржыландыру тоқтатылған. Енді спорт кешені құрылысты бастау үшін бір бөлігі жойылған саябақ аумағында қаңырап бос тұр.

Жоба бойынша бұл спорт кешені күнделікті жаттығулар өткізіп, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайтын 600-ден астам спортшыға арналған алаң болуға тиіс еді.

Алайда жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі оларды бұл мүмкіндіктен айырды.

Мердігерлер мен әкімдік нысан паспортын екі рет ауыстырып, тапсыру мерзімін кейінге шегерді. Алайда жағдай өзгермеді.

Жаңа адамдардың «Халық қаһары» азаматтық науқаны белсенділері шынайы жағдайды көрсету үшін нысанға негізгі тапсыру уақыты – шексіздік белгісімен және жобаға жауапты шенеунік – Аубакиров Марат Сакенович  есімімен баннер ілді.

Біз бар күшімізді салғанымызға қарамастан, Аубакиров мырза біздің белсенділермен кездесуден жалтара алды. Алайда біз оның үнемі жасырына алмайтынына сенімдіміз. Жаңа адамдар оған ЛРТ бағанасы түріндегі мүсіншені жіберді — бұл өз міндеттерін орындамағанына лайық антижүлде. Ол Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысына халық алдындағы міндеттерін еске салады.

Аубакиров мырза, бұл міндеттерді орындау керек немесе өзіңіз лайық бола алмаған орында қалмағаныңыз жөн!